Әлеумет ТҮРКІСТАН: ҚҰЛАҒАН ЭЛЕКТР БАҒАНАЛАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛІП ЖАТЫР Редактор 06.01.2023 17942 1 оқу мин Түркістан облысында қатты желден құлаған электр бағаналары қалпына келтіріліп, үзілген электр тасымалдау желілері жөнделіп жатыр. Соңғы ақпараттарға сәйкес, Бәйдібек пен Созақ аудандарында 15 электр бағаналары қалпына келтірілді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен қосымша арнайы техника көмекке келген болатын. Екі ауданға “Оңтүстікжарық” мекемесінің жөндеу бригадалары жұмылдырылды. 3,5 мыңнан астам абоненттің 2 мыңға жуығына жарық берілді. Екі ауданда 27 арнайы бригада мен 30-дан астам арнайы техника жұмыс істеуде. Сала басшылары үзілген электр желілерді жалғау жұмыстары бірнеше күнге жалғасатынын жеткізді. Түркістан облысында қар басқан жолдарды жауапты мекеме қызметкерлері тәулік бойы тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде облыстық маңызды бар жолдардың басым бөлігі толық ашылды. Ауыр техникалар тоқтамастан асудағы 25 шақырымдай жолдың қарын күреп шықты. Кентау-Ащысай елдімекені аралығындағы жол мен Ащысай-Шолаққорған бағытындағы жолдар қардан тазартылды. Бұдан бөлек, Бәйдібек ауданындағы Бірлік-Жарықбас бағытындағы жолды ашу жұмыстары жүргізілді. Жарықбас-Қошқарата елді мекендері аралығындағы жолды қардан тазалау жұмыстары аяқталды. Созақ ауданындағы Жаңатас бағытындағы жолдарды қалың қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кетсек, қазіргі таңда аймақта ауа райы бірқалыпты. Келген залалдарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасады. Еске салсақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты Түркістан облысының бірнеше ауданындағы елдімекендер жарықсыз қалған болатын. Демалыс күндері соққан боран оңтүстік жұртын әбден әбігерге салды. Өңірде қатты боран салдарынан электр бағаналары құлаған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5553 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961