Әлеумет Шымкентте есірткі қоюшы қыз ұсталды Редактор 27.03.2023 16342 1 оқу мин Қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын таратпақшы болған 26 жастағы әйел азаматшаны құрықтады. Тексеру барысында аталған азаматшаның қалтасынан жасырын орындарға тығу жоспарланған есірткі заттары салынған жалпы 8 дана полиэтиленді орамалар тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат есірткінің синтетикалық түріне жататыны нақтыланып, жалпы салмағы 300 грамды құраған. Ұсталған азаматша аталған есірткі заттарын өткізу мақсатында қала аумағында жасырын орындарға тығып кетпекші болған. Бүгінде аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Полиция қызметкерлері есірткіні өткізумен байланысты қылмыстар ауыр санаттағылар қатарына жататынын ескертеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5553 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961