Әлеумет Қоғамдық бақылау архивте жалғасын тапты Редактор 03.04.2023 15901 1 оқу мин Жетісай ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру, мемлекеттік құпияларды қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің ұйымдастыруымен жыл басынан бірнеше мекемелерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігіне қоғамдық бақылаулар жүргізіліп келеді. Осындай шара 2023 жылдың 31 наурызында Атакент кентінде орналасқан Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Жетісай өңірлік мемлекеттік архиві» КММ-інде жалғасын тапты. Аталған мекеме ғимаратында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған автотұрақжай қарастырылмаған. Өйткені, ғимарат ыңғайластырылған ескі ғимаратта орналасқан. Дегенмен, ғимарат кіре берісінде орнатылған пандусқа дейін автокөліктердің келуіне мүмкіндік жасалған. Ғимарат ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, толық материалдық құрал-жабдықтармен, интернетпен қамтылған. Көпшілікке көрінетін орындарға мемлекетік көрсетілетін қызмет стандарттары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызмет алушыларға арналған ақпараттық хабарламары орналастырылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 2574 Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10783 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9470