Әлеумет Діни ахуалға талдау жасау және қалыпқа келтіру бағытындағы жұмыс тобы Келес ауданында болды Редактор 12.04.2023 19862 1 оқу мин Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен құрылған терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы діни ахуалға талдау жасау және қалыпқа келтіру бағытындағы жұмыс тобы Келес ауданында болды. Келес ауданында өткен мәжіліске Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі — Түркістан облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының жетекшісі Илхам Ибрагимұлы Абулхайров, Түркістан облысы әкімі аппараты терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімінің бас инспекторы Арман Бақытжанұлы Бимаханбетов, Түркістан облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, аудан әкімдігі жанындағы ТҚК жұмыс тобының мүшелері, ауданның дербес бөлім басшылары және жауапты мамандар қатысты. Отырыста оңалту жұмыстарының барысында туындап жатқан мәселелер талқыланып, тиісті әдістемелік көмектер пысықталды. Іссапар барысында жұмыс тобы аудандық ТҚК жұмысымен және аудандағы жат ағым өкілдерімен жүргізіліп жатқан оңалту шараларымен танысып, зерделеу және әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ҚМДБ-ға қарасты діни бірлестіктерде кездесулер ұйымдастырып, имамдармен және ұстаздармен пікірлесті. Жұмыс барысында туындап жатқан мәселелерді талқылап, ұсыныстарын тыңдады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5553 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961