Әлеумет ТҮРКІСТАНДА ЖАҒАЖАЙ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ Редактор 26.06.2023 10372 1 оқу мин Бүгін Түркістан қаласында облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен «Шаға» жағажайының маусымдық ашылуы өтті. Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары Argonya, Африкалық әншілер тобы және Қожахмет Аманбаев қала тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлады. Кеш жүргізушілері жайдарманшы Нұрым Досбол мен Наурыз Рсымов жиналған қауым арасында түрлі сайыстар ұйымдастырып, арнайы сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, балаларға арнайы көбік шоуы мен аниматорлар шоуы ұйымдастырылды. Айта кетейік, «Шаға» жағажайы былтыр ашылған болатын. Ресми лентасы қиылған кезде 3 мыңға жуық демалушыны қабылдаған. Туристік жағажайдың жалпы ауданы 81 гектар. Ал суының сыйымдылығы 2 жарым миллион текше метр. Мұнда тек суға түсіп қана емес, футбол, волейбол ойнауға да мүмкіншілік бар. Сондай-ақ катамарандар да келушілерге қызмет көрсетіп жатыр. Түркістанның іргесіндегі Шаға елді мекенінде орналасқан су айдынының биылғы ашылуы ертең де жалғасады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шетелдік турист Шымкентте әмиянын жоғалтып алған 1 оқу мин Әлеумет Шетелдік турист Шымкентте әмиянын жоғалтып алған 07.03.2026 6195 Мас жүргізуші майып қыла жаздады 1 оқу мин Әлеумет Мас жүргізуші майып қыла жаздады 20.02.2026 10755 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА НАУРЫЗЕК ҚҰСЫ ОРАЛЫП, БӘЙШЕШЕК ГҮЛДЕДІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА НАУРЫЗЕК ҚҰСЫ ОРАЛЫП, БӘЙШЕШЕК ГҮЛДЕДІ 18.02.2026 10914