Әлеумет ТҮРКІСТАН: МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА БӘЙДІБЕКТЕ ЕКІ АУЫЛ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Редактор 05.07.2023 12787 1 оқу мин Түркістан облысының 5 жылдығы мен Астана күніне орай бүгін Бәйдібек ауданында жаңадан ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталған Ақжар елді мекеніне және қайта құрылымдаудан өткен Сарқырама елді мекеніне ауыз су берілді. Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев Астана күнімен құттықтап, қос ауыл тұрғындарының қуаныштарымен бөлісті. Ауыл қарияларымен бірге салтанатты түрде лентасын қиып, ауыз су жүйесінің қондырғысын іске қосты. Мереке қарсаңында ауыз судың берілгеніне қуаныштарын білдірген екі ауыл тұрғындары атынан еңбек ардагерлері алғыстарын жеткізіп, баталарын берді. Айта кетейік, аудандағы 50 елді мекеннің 44-де орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген болса, 1 елді мекен модулді су қондырғымен қамтамасыз етілген. Бұл аудандағы елді мекендердің 90 пайызын құрап отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6340 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592