Әлеумет КРЕАТИВТІ ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ! Редактор 06.09.2023 17019 1 оқу мин Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының бастамасымен «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі еліміздің дарынды, креативті, көздеген мақсатына қол жеткізе алатын талантты азаматтарды анықтау мақсатында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ» атты идеялар байқауын өткізеді! Байқаудың мақсаты — креативті идеялары бар облыс азаматтарын қолдау, жобаларды іске асыру үшін тиісті сала өкілдеріне жолдау. «Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты» атты идеялар байқауына Түркістан облысының 14 жастан 60 жасқа дейінгі кез-келген Түркістан облысының азаматы қатыса алады. Байқауға қатысушылар мына бағыттар аясында баяндамасын дайындай алады: 1) Қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеует; 2) Тілді дамыту; 3) Мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру; 4) Отандық мәдени өнімді танымал ету; 5) Жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді дамыту; 6) NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру; 7) Жастарды қоғамдық пайдалы қызметке тарту. Байқау 3 кезеңнен (өтінімдерді қабылдау, жобаларды іріктеу және марапаттау) тұрады. 1-кезеңде өтінімдерді қабылдау кезеңі 20 тамыз бен 15 қазан аралығында өтеді. Өтінімдер shanyrak.ideya.06@mail.ru электронды поштасы арқылы жиналады. Power Point немесе PDF форматта жасалған презентациясы және Word құжатында жазылған қысқаша жоба аннотациясы болуы керек. 2-кезеңде іріктеу кезеңі 15-20 қазан аралығында. Пошта арқылы жиналған материалдар арнайы комиссияға ұсынылады. Комиссия отырысында идеяның маңыздылығы, өңірге ерекшелігіне сәйкестігі, жаңашылдығы сияқты критерийлері ескеріліп, іріктелген жұмыстар жеңімпаз деп танылады. 3-кезеңде салтанатты марапаттау рәсімі 20-қазанда Түркістан қаласы, «Ұлы дала елі» орталығында өтеді Байқаудың үздік 50 қатысушысы алғыс хат және кәдесыйлармен марапатталады. Ал қаржылай сыйақы -1 850 000 теңге. Байланыс телефондары 8-702-509-00-43, 8-707-009-31-58 Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Насыбайшылар қолға түсті 1 оқу мин Әлеумет Насыбайшылар қолға түсті 12.06.2026 5885 В Алматинской области состоялся очередной важный семинар для членов информационно-разъяснительной группы, работающей в сфере профилактики религиозного экстремизма и терроризма 1 оқу мин Әлеумет В Алматинской области состоялся очередной важный семинар для членов информационно-разъяснительной группы, работающей в сфере профилактики религиозного экстремизма и терроризма 11.06.2026 3781 Алматы облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында маңызды оқыту семинары өтті 1 оқу мин Әлеумет Алматы облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында маңызды оқыту семинары өтті 11.06.2026 4152