Әлеумет Түркістан облысының тұрғынынан 1 келіден астам марихуана тәркіленді Редактор 16.09.2023 15030 1 оқу мин «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады. Наақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер облыс орталығы көшелерінің бірінен аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен Түркістан қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру кезінде жедел уәкілдер күдіктіден есірткіге ұқсас өсімдік тектес заттары бар 6 полиэтилен пакет пен 1 қағаз орама тауып, тәркіледі. Заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттары жалпы салмағы 1 келіден асатын «кептірілген марихуана» болып табылады. Бұл факт ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі «Өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу» бойынша СДТБТ-да тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды Әлеумет Миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды 01.09.2026 7770 Алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды 28.08.2026 6614 Мемлекеттік нөмірдегі бір әріптің өзгеруі қамаққа алуға әкеліп соқты 1 оқу мин Әлеумет Мемлекеттік нөмірдегі бір әріптің өзгеруі қамаққа алуға әкеліп соқты 25.08.2026 5941