Әлеумет ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ВЕЛОМАРАФОННАН ЖАРЫС ӨТТІ Редактор 18.09.2023 13559 1 оқу мин Ордабасы ауданының орталығы Темірланда «Денсаулық фестивалі» мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілер мен ауыл тұрғындары арасында веломарафон өтті. Орталық алаңнан басталған марафонның ашылуына аудан әкімі Азат Оралбаев қатысып, бұқаралық спортты дамытуға арналған шараға сәттілік тіледі. Сайысқа 18-35 жас аралығындағы 100-ге жуық адам қатысып бақтарын сынады. Марафонның мәресіне жастар арасында бірінші болып Бағжан Орынбеков топ жарып, екінші орынды Елжан Оспанов иеленді. Ал жүлделі үшінші орын Пайыз Жәмәділге бұйырды. Сондай-ақ, ересектер арасында Мұхаммедәлі Сағынтай бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Нұрбол Батырбеков иеленсе, үшінші орынды Қанат Адильханов жеңіп алды. Жарыс соңында аудан әкімі жүлде алған спортшыларға сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыстады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды 1 оқу мин Әлеумет Журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды 09.07.2026 5683 Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған… 1 оқу мин Әлеумет Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған… 03.07.2026 6888 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды 1 оқу мин Әлеумет 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды 01.07.2026 8210