Кентау қаласында 2023 жылы мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы аясында 14,6 шақырымды құрайтын 21 көшеге орташа жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда қаладағы Ш.Құдайбергенов, И.Тайманов, Камалов, Көктерек, Әзірбаев, Геологическое, Құрманғазы-2, Тынышбаев, Мұратбаев-2, 66 квартал, М.Өтемісұлы, Қажымұқан, Ш.Айманов көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал қалған 6,6 шақырымды құрайтын 7 көшенің құрылыс жұмыстары жалғасуда. Аталған жұмыстар қазан айының 20 жұлдызына дейін толық аяқталатын болады.Одан бөлек, облыстық бюджет есебінен Қ.Ясауи даңғылы мен Әл-Фараби көшесінің аралығындағы Төле би көшесінің 480 метр жеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жолдың негізі әзірленіп, жарық бағаналары орнатылған. Көше қыркүйек айының соңына дейін пайдалануға берілетін болады.