Әлеумет Білім жарысында жүзден жүйрік шығарған… Редактор 05.10.2023 13966 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданында «Мұғалімдер күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен ауданның бас ұстазы Ғазиза Шүкірбаева, «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Әділхан Асауов пен аудандық мәслихат депутаттары, Түркістан облысы білім басқармасының педагог әлеуетін дамыту бөлімінің бас маманы Зубайра Алтаева мен мектеп директорлары, мұғалімдер мен ардагер ұстаздар қатысты. Заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамытып, дүбірлі білім жарыстарында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығарып жүрген ұлағатты жандардың ерен еңбектері ескеріліп сый-құрметке бөленді. Биіктерді бағындырып, білім бәсекесіне қабілетті шәкірттерді тәрбиелеп жүрген тәжірибелі ұстаздар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Аудан өнерпаздары мен мектеп оқушылары концерттік бағдарламаларын ұсынып, көпшілікке мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әуелете ән салып, күмбірлете күй төкті. Мың бұрала би билеп, Жетісай аспанын шаттыққа бөледі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6417 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592