Әлеумет Оқу сайысында алдыңғы лекке өтті Редактор 11.10.2023 15703 1 оқу мин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Айтулы жоба бүгінде өңірлерде нәтижелі жүзеге асырылуда. «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енген болатын. Әлемдік классикалық жауһарлардан бөлек қазақ әдебиетінің ең керемет шығармаларын насихаттау жұмыстары қарқынды жүруде. Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы екендігі белгілі. Сондықтан да білім бесіктерінде оқушылардың кітапға деген құштарлығын оятудың маңыздылығы жоғары болып тұр. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. «Оқуға құштар мектеп» жобасын еліміздегі мектеп қасындағы кітапханалардың жұмысын дамыту арқылы жүзеге асыру жоспарланғандықтан сол жоспарға сәйкес біршама жұмыстарда атқарылды. Ең әуелі осы тапсырма бекітілген күннен бастап күнделікті мектеп оқушыларына бір кішігірім іс-шара болса да ұйымдастырып отыру басты назарға алынды. Бүгінде осы бағыттағы іс шаралар легі толастап жатқан жоқ. Әрі нәтижелі жүзеге асырылуда. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады. Ф.Бекон «Кітап заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» деген. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2023 жылдың 6 қазан күні облыстық «Кitap Хан» кітап оқу сайысына Түркістан облысына қарасты Арыс қаласындағы М.Шаханов атындағы мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Көшербай Гүлсім Дулат Исабековтың «Пері мен періште» әңгімесін оқып барша оқырманға толық жеткізе білді. Апталық кезеңнен І-орын алып айлық кезеңге өтті. Алдағы уақытта өтетін осы кезеңде Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Автонесие рәсімдеуге мәжбүрлеген 1 оқу мин Әлеумет Автонесие рәсімдеуге мәжбүрлеген 23.01.2026 3640 Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша күдіктілер ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша күдіктілер ұсталды 21.01.2026 6949 Ер адам өзін 34 жылдан бері некеде тұрғанын білмеген 1 оқу мин Әлеумет Ер адам өзін 34 жылдан бері некеде тұрғанын білмеген 15.01.2026 18017