Әлеумет “Географиялық деректерді визуализациялау” тақырыбында ашық сабақ өтті Редактор 14.10.2023 23699 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте “Тәжірибелі ұстаздан тәлім” атты мектепішілік семинар аясында география пәнінің мұғалімі С.Ерманова 11”ҚГБ” сыныбымен “Географиялық деректерді визуализациялау” тақырыбында ашық өтті. Компьютерлік бағдарламаларды қолдану мен тақырыптық картасызбалар жасау мақсатында өткен ашық сабақта оқушылар толық ноутбукпен қамтылды және жеке жұмыс жасап карталарды редакциялады. Ойлау дәрежесі жоғары оқушыларға еркін тақырып таңдауға мүмкіндік берілді. Оқушылар керемет нәтиже көрсетті. Оқушылар ядролық клубқа мүше елдер жайлы картаны қорғаса, жұптық жұмыста өздері “Әлемдегі туризм дамыған елдер” тақырыбында картасызба жасап, жақсы қорғап шықты. Оларға тиісті жоғары баға қойылды. Ал бірдей тақырыпты алған оқушылар бірін-бірі толықтырып, сабақты аша түсті. Бағалау оқушылардың өзіне берілген критерий арқылы болды. Яғни, әр оқушы өз жауабына сәйкес баға алып отырды. Бұл уақытты тиімді пайдалануға көмектесті Сабақ барсында тұйық оқушыларға көңіл бөлініп, оқу үдерісіне тартылды. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды 1 оқу мин Әлеумет Журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды 09.07.2026 7470 Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған… 1 оқу мин Әлеумет Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған… 03.07.2026 8621 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды 1 оқу мин Әлеумет 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды 01.07.2026 9231