Әлеумет ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ Редактор 23.12.2023 47337 1 оқу мин Созақ ауданының орталығынан шалғай орналасқан Тасты ауылында мәдениет үйінің жаңа ғимараты ашылды. Жаңа талаптарға сай жабдықталған 75 орындық мәдениет үйі 329,5 шаршы метрді құрайды. Бұған дейін аудан әкімінің халықпен кездесуінде бұл мәселе бірнеше рет көтеріліп, тұрғындар мәдениет үйін салып беру жөнінде өтініштерін айтқан. Бүгін міне ауыл тұрғындарының талап-тілектері орындалды. Жаңа нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков сөз сөйлеп, тұрғындарды жаңа мәдени нысанның ашылуымен құттықтады. — Бүгін Тасты ауылы жаңа мәдени нысанмен толықты. Бұл жерде ауыл тұрғындары ұлттық құндылығымыз бен мәдениетімізді насихаттайтын түрлі бағыттағы игі шаралардың куәсі болады деген сенімдемін. Алдағы уақытта да халықтың игілігіне бағытталған жобалар назардан тыс қалмайды. Кіші футболға арналған жабық үлгідегі ойын алаңын салу және Қылти елді мекеніне баратын жолға асфальт жабындысын төсеу сынды біршама жұмыстарды атқаруды жоспарлап отырмыз. Осылай ынтымағы мен бірлігіміз жарасқан ел болсақ, одан әрі қарыштап дами түсеміз, — деді аудан басшысы. Ел ағалары да игі іске ризашылықтарын білдірді. Жиын соңы «Мыңжылқы» мәдениет үйі өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Айта кетейік, жаңа нысан соңғы үлгідегі жиһаздармен қамтылған. Жаңа музыкалық құрал-жабдықтар және кітапхана мен оқу залы қоса қамтылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістан облысының полицейлері күдіктіні мефедронмен ұстады 1 оқу мин Әлеумет Түркістан облысының полицейлері күдіктіні мефедронмен ұстады 12.06.2025 12521 Алматыдан Шымкентке есірткі жолдап отырған 1 оқу мин Әлеумет Алматыдан Шымкентке есірткі жолдап отырған 06.06.2025 9725 Шымкентте 15 жастағы қыз саябақта ішімдік ішіп отырғанда ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 15 жастағы қыз саябақта ішімдік ішіп отырғанда ұсталды 22.05.2025 49094