Экономика Ауыл шаруашылық жануарларын есепке алу кітабындағы мал санын сәйкестендіру қажеттігі талқыланды Редактор 10.06.2023 6324 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ветеринария саласындағы жұмысшы топтың көшпелі отырысы өтті. Жиынға Түркістан облысының ветеринария басқармасы энзоотиялық іс-шараларды атқару және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Жақып және Түркістан облысының ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жоспарлау маманы Б.Керім Келес ауданына арнайы келіп, ауыл және ауылдық округ әкімдері мен ауданның «Ветеринариялық қызмет» МКК-ың мамандары және Келес ауданының статистика басқармасының мамандары қатысты. — Ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу кітапшасын күнделікті жаңарту қажет және АШЖБ дерекқор базасындағы және ауыл шаруашылық жануарларын есепке алу кітабындағы мал санын сәйкестендіру, ауыл және ауылдық округ мамандары және ветеринария мамандарымен бірлесіп ЭӘШБЕА БҚ-ға деректерді ауыстыру және тиісті түзетулерді енгізу мақсатында деректерді пайдаланумен маусымның 1-нен 30-на дейінгі кезеңде аулаларды толық аралау керек. Сонымен қатар, халыққа сауал салуды жүргізу арқылы әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін өзектендіру жүргізу, мал дәрігерлерге сырғасыз жүрген малдарды есепке алу, ветеринариялық инспекторларға сырғалатпаған мал иелеріне айыппұл салу және базардағы малдарды тірідей және еттей сатылымы және мал сою пунктеріндегі малдың сойылуының есептерін кіріс-шығысын қадағалауды сұраймын. Сондай-ақ ауыл және ауылдық округ әкімдері берілген функцияға сәйкес, мал санақ жүргізіуді қамтамасыз ету қажет, — деді Түркістан облысының ветеринария басқармасы энзоотиялық іс-шараларды атқару және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Жақып. Жұмысшы топтың көшпелі отырысында қаралған мәселелер назарға алынып, хаттама толтырылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 3996 ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 12.12.2024 239863 БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ 29.11.2024 260430