Экономика Құбырлар толық тазаланып біткен соң таза ауыз суды пайдалануға болады Редактор 18.06.2023 5031 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданында су ресурстарын дамыту ұдайы басты назарда. Бүгінде ауданда осы бағытта жұмыстар атқарылуда. Осы жылдың мамыр айында Шаян ауылындағы жаңа ауыз су жүйесіне қосылу бойынша нақты тапсырма берілген болатын. Бүгінгі күні 329 үйде су тапшылығы орын алса, 16 маусым күні 146 үйдің ауыз су мәселесі шешімін тапты. 183 үй ертеңгі күнге жалғасын табатын болады. Бұдан бөлек Айналма жол көшесіндегі 38 үй, Е.Шөкеевтегі 36 үй, А.Нысановтағы 78 үй мен О.Жандосов көшесіндегі 60 үй, барлығы 212 үй жаңа су жүйесіне қосылды. Ержігіт Шәріпбеков сала бойынша орынбасарлары мен жауапты бөлім, мекеме басшыларымен су жіберілген көшелерге барып жұмыстардың барысын көріп шықты. Тұрғындармен кездесіп, пікірлерін тыңдады. Жаңа құбырдан жіберіліп жатқан сумен құбырларды тазалап біткенге дейін ішуге болмайтынын. Әзірге тек бау-бақша мен шаруашалық мақсатында ғана пайдалану керек екендігін айтып өтті. Құбырлар толық тазаланып біткен соң таза ауыз суды пайдалануға болатынын түсіндірді. Шаян ауылының тұрғындары тұрғын үйлеріңізге дейін келіп тұрған су құбырларын аулаларыңызға кіргізіп, су ағызатын құрылғыны орнатуларын ескертілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории МАҚТААРАЛДЫҢ ҚЫРЫҚҚАБАТЫ ӨЗГЕ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА 1 оқу мин Экономика МАҚТААРАЛДЫҢ ҚЫРЫҚҚАБАТЫ ӨЗГЕ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА 30.04.2024 35248 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Экономика САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 29.04.2024 33075 Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 1 оқу мин Экономика Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 25.04.2024 35640