Әлеумет “Қаладағы табиғат: болашақ пен үміт” Редактор 12.08.2022 41021 1 оқу мин Американдық экологиялық жоспарлау бойынша сарапшы, дизайнер және ағартушы Пол Хеллмундтың “Қаладағы табиғат: болашақ пен үміт” атты дәрісі өтті. Профессор Хеллмунд – жасыл урбанизм саласындағы жетекші практик және “Ecology of Greenways” (1993 ж.) және “Sustainable Landscapes for Nature and People” (2006 ж.) кітаптарының авторы. Пол жасыл урбанизм және жасыл инфрақұрылым саласында, сондай-ақ қауымдастықтарды сақтау және жоспарлау бойынша инновациялық шешімдерді әзірлеуде үлкен тәжірибеге ие. Он жыл бойы Пол Хеллмунд Массачусетс штатындағы Conway Design School президенті және профессоры болды. Пол Гарвард университетінің Жоғары дизайн мектебінде және Колорадо Мемлекеттік университетінде білім алды. Қазір ол жаһандық экологиялық тұрақтылық мектебінде сабақ береді. Пол Хеллмундтың “Қаладағы табиғат: болашақ пен үміт” атты дәрісі – Urbanitarium жобасы аясындағы Urban Forum Kazakhstan “Қалалар мен Адамдар” білім беру бағдарламасының бөлігі. «Urbanitarium жобасы «Шеврон» компаниясы мен АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясы арасындағы “Makerspace Expands!” мемлекеттік-жеке серіктестігі арқасында іске асты. Іс-шараның серіктесі: Aurora Space. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 9512 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 8543 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9702